Біз әрбір бүлдіршіннің жеке тұлғасын қалыптастырып, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға көмектесуге қуаныштымыз. Сабақтарымызда балалар көпшілік алдында сөйлеуді үйреніп, ағылшын тілін меңгереді және спортпен шұғылданады. Біздің педагогтер балалардың қызығушылығын оятып, жаңа білім мен дағдыларды үйретіп, әрдайым қолдау көрсетуге дайын.
Кіші топ
2 – 3 жас
Аралас жас тобы
3 – 6 жас
Фотогалерея
Сабақтарымыз
Сабақтарымызда балаларды топта еркін қарым-қатынас жасауға, достар табуға және өз ойларын еркін жеткізуге үйретеміз. Сонымен қатар шет тілінің, математиканың негіздерін меңгеріп, дене жаттығуларымен айналысады.
Ағылшын тілі
Сабақ барысында бүлдіршіндер жаңа тілде қысылмай сөйлесуге, диалог құруға үйренеді. Бала кішкентай кезінен бастап ағылшын тілі туралы түсінік қалыптастырып, оны басқа балалармен қарым-қатынас жасау барысында қолдана алады.
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту сабақтарында өлеңдер жаттаймыз, өз әңгімелерімізді ойлап табамыз және оларды басқаларға айтып беруді үйренеміз. Біз балаларға өз ойын анық әрі түсінікті жеткізуге және көпшілік алдында сөйлеуден қысылмауға көмектесеміз.
Бейнелеу өнері және шығармашылық ойлау
Шығармашылық ойлау баланың қиялын дамытып, кішкентай кезінен бастап эстетикалық талғамын қалыптастырады. Біз сурет салуды, мүсіндеуді, бейнеролик түсіруді және тағы да көптеген қызықты дүниелерді үйренеміз.
Шахмат
Сабақтарда балалар бірнеше қадам алға ойланып, дұрыс шешім табуды үйренеді. Біз шахмат фигураларымен және ойын ережелерімен танысып, логиканы, есте сақтау қабілетін және зейінді дамытамыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ата-аналардан жиі келетін сұрақтарға жауаптарды жинақтауға тырыстық. Егер сізді қызықтыратын сұрақ болса, бізге қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы жазуға болады: +7 705 657 12 51
  • Сұрақ:
    Балабақшаға қалай жазылуға болады?
    Sati:
    Балаңызды балабақшаға қабылдауға жазу үшін топтарға сынақ ретінде қатысуға өтінім қалдыра аласыз немесе бізге мына телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: +7 705 657 12 51
  • Сұрақ:
    Бір топта қанша бала болады?
    Sati:
    Бір топта ең көбі 16 бала болады. Бұл — педагогтің әр балаға жеткілікті көңіл бөліп, уақыт бөлуіне мүмкіндік беретін ең жоғары көрсеткіш.
  • Сұрақ:
    Балаларға арналған арнайы тамақтануды ескересіздер ме?
    Sati:
    Иә, балаңыздың тамақтануына қатысты ерекшеліктері туралы алдын ала хабарлауыңыз қажет. Біз оған тамақты бөлек дайындаймыз.
  • Сұрақ:
    Балалар балабақшаға өз ойыншықтарын әкеле ала ма?
    Sati:
    Иә, өз ойыншықтарын әкелуге болады. Алайда олардың сақталуына педагогтер мен балабақшаның басқа қызметкерлері жауап бермейді.
  • Сұрақ:
    Баланы балабақшаға алғаш баруына қанша уақыт қалғанда дайындауды бастаған дұрыс?
    Sati:
    3–6 ай бұрын. Жоғарыда берілген ұсыныстарды оқып шығыңыз — олардың кейбірін ертерек бастауға болады.
Байланыстар
+7 705 657 12 51
+7 701 522 42 73
Сарыарка 11, ВП 30
Біздің жаңалықтарымыз бен жаңартуларымызды әлеуметтік желілерден қадағалай аласыздар.
Все фотографии, тексты и видеоматериалы принадлежат их владельцам и использованы для демонстрации. Пожалуйста, не используйте контент шаблона в коммерческих целях.
Made on
Tilda